Қазақстанда

Енді мектеп директоры 7 жылдан артық отырмайды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидаларын Әділет министрлігі тіркегенін мәлім етті.

Бұл туралы Express Qazaqstan мәлім етті.

Оның айтуынша, білім беру саласында он мыңнан астам мемлекеттік ұйым бар. Көптеген басшылар, мерзімсіз еңбек келісім-шарттарын жасасқан. Осыған байланысты бір ұйымда 10-15 жыл және одан да көп жұмыс істейтіндер аз емес.

Әрине, олардың арасында білім беру ұйымдарының дамуына елеулі үлес қосатын басшылар бар. Дегенмен, 10-15 жыл бойы бір орында отырып, өздерінің бастамашылдығы мен дамуға деген ынтасын жоғалтатын мектеп директорлары жетерлік, —дейді Асхат Аймағамбетов.

Енді жаңа қағидаға сәйкес, білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар ротацияланады. Бұл ретте осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өз өтініші негізінде босатылып, қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады. Алайда, егер басшы аталған ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ауыстырылады.

Екіншіден, ротациялаудың бірнеше шарты бар:

— ротациялауды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары жүзеге асырады;

— ротация бір елді мекен аумағында жүргізіледі;

— ротациялау бір деңгейдегі ұйым басшыларының арасында жүреді;

— ротациялау кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни аталған санат үшін төленетін қосымша ақы мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ротациялау туралы мәселені қарайтын комиссия жұмыс істейтін болады. Жүйенің тиімді жұмыс істеуі және қағидалардың жергілікті орындарда дұрыс іске асырылуы үшін министрлік мониторинг жүргізеді, —деп жазды министр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button