Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде 55 мәрте ереже бұзған

60ab7d98f3138937039289

Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде 55 мәрте ереже бұзған. Ал, екеуі рульге арақ ішкен күйде отырған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 4 қазанда «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталған. Мақсат – жолаушылар көлігі жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу.

«Полиция қызметкерлері іс-шараның алғашқы күнінде автобус жүргізушілерінің жолда жүру ережесін 55 мәрте бұзғанын анықтады. Оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың – 4, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау – 3, техникалық байқаудан өтпеген – 17, рульде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану – 15, жылдамдықты арттыру – 7, маневр жасау ережелерін бұзу – 11, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзудың 5 дерегі бар. Жолаушы тасымалдайтын 4 автобус айып тұрағына қойылды. Кінәлі жүргізушілерге айыппұл салынды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, автобус рульіне ішімдік ішкен күйде отырған екі жүргізуші ұсталған.

«Мәселен, 4 қазанда таңғы сағат 07:40 шамасында «Ақтобе-Атырау-РФ шекарасы» бағытындағы тас жолда қоғамдық көлік тоқтатылды. Тексеру кезінде 1979 жылғы жүргізушінің ішімдік ішкені белгілі болды. Ал, сағат 08:52-де дәл осы бағыттағы жолдың 577-шақырымында автобус көлігін алкогольдік ішімдік ішкен күйінде басқарған тағы бір жүргізуші ұсталды. Екі жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды» -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Exit mobile version