АТЫРАУДА

Атырауда ауызашар қоржындары таратылмақ

Атырауда Рамазанда ауызашар қоржындары таратылады. Яғни, ораза кезінде мешіттерде әдеттегідей киіз үй құрылып, ауызашар дастарханы жайылмайды» деп хабарлайды облыстық орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев бұл шараның пандемияға байланысты, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отырғанын атап өтті.

  • «Ауызашар қоржындарын мешіттерге ақшам намазына келген жамағатқа таратып беру жоспарлануда. Егер жетімдер үйі, қарттар үйі сынды әлеуметтік нысандарда ауыз бекіткендер болса, ол азаматтар үшін арнайы тізім жасақтап, ауызашар қоржындарын жеткізіп отыратын боламыз. Осы ретте, ауызашар беруге ниетті азаматтар, мешіт қолға алып отырған «ауызашар қоржыны» жобасына да атсалыса алады» деп нақтылады орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button