АТЫРАУДА

Атырауда азық-түлік қоймалары түгелдей өртеніп кетті…

Атырау қаласында бір ғимараттағы 4 қойма өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт 19 сәуірде сағат 20:36-да болған.

«Атырау қаласындағы Б.Майлин көшесі, №83 «А» мекенжайында орналасқан 4 азық-түлік қоймасындағы өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 35 қызметкер пен 7 өрт сөндіру техникасы, «АТМА-Аэропорт» АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 21:47-де оқшауланып, сағат 22:09-да толықтай жойылды.

Жалынның салдарынан «Мырзабаева» жеке кәсіпкерлігіне (бұрынғы сүт комбинаты) қарасты жалпы ауданы 414 шаршы метрді құрайтын 1 қабатты ғимараттағы 4 қойма толық жанып кетті. Қойма ауласында өртті сөндіруге қажетті су алатын гидранттар болмаған. Сол себептен, өрт сөндіру автокөліктері су толтыру үшін «Алмагүл» шағын ауданында орналасқан өрт сөндіру гидранттарына баруға мәжбүр болды», дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button