АТЫРАУДА

АТЫРАУДА БАЛАЛАР КҮШІКТІ СУҒА ТҰНШЫҚТЫРҒАН

Әлеуметтік желіде бір әйел жолда балалардың қапқа салынған күшіктерді суға батырып жүргенін байқап қалғанын жазып, жәрдем сұрады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті.
.

“Мен өтіп бара жатып қаптың ішінде бірдеңе қимылдағанын байқап қалдым”, – деп жазды әйел.

Осыдан соң оқиға орнына жедел жеткен кинолог Мамучар Ящуев суға жартылай батқан қап ішінен кішкене күшікті тауып алды.

“Күшік қатты тоңғандықтан дірдек қағып тұр. Аш, арық, әлжуаз. Өзі ауруға шалдыққан. Шынымды айтсам, мен үйіме ит-мысық қабылдауды доғарған едім. Паналатқан жануарларымның саны 103-ке жетті. Бірақ мынадай жағдайдан кейін не істеуге болады”, — деп мұңын шағады кинолог Мамучар.

Бейнежазбада кинолог әлжуаз күшікке бірнеше екпе егіп, оны өзінің қамқорлығына алатындығын мәлімдеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button