Қазақстанда

Қазақстан футболды қаржыландыруды қоя ма?

Еліміздің футбол федерациясының басшылығы мемлекет қаржысынсыз Қазақстан футболы сапасын жоғалтып алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
.

Федерацияның өкілдерінің өздері бюджет қолдауынан бас тартқан еді. Бұған дейін үкімет футбол клубтарына бөлінетін қаржының шегін жергілікті әкімдіктерге бекіткен болатын.

«Спортшылардың тұруына, тамақтануына, жол ақысына және т.б. шығындарына 1,2 млрд бөлінеді. Ал егер қымбаттырақ тәжірибесі мол адамды тартамын десеңіз, онда демеушілер, инвесторлар және жарнама берушілердің есебінен төлеңіз. Қазақстан футболы ары қарай да өмір сүре береді, бірақ қиын болады. Өйткені ол көзге көрінбейтін сома. Деңгей әлбетте, түсіп кетеді», – деді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин.

Оның сөзінше, клубтар қымбат легионерлерді алу мүмкіндігінен айырылады, сондықтан олар қазірден бастап бай демеушілерді іздеуге кірісулері керек. Қазақстан чемпионатына қатысатын барлық клубтарға бюджет қолдау көрсетіп отыр. Жыл сайын оларға жергілікті билік пен ұлттық компаниялар тарапынан жүздеген миллион теңге бөлінеді.

Осы ретте футболшылар әдетте ұлттық құрама сапында да орташа деңгейлі ойын өрнегін көрсетеді. Бұған мысал – ел құрамасының Франциямен өткен соңғы матчта 8:0 есебімен ұтылуы. Бұл мәселеге жақында мәжіліс депутаттары наразылықтарын білдірген. Олар спорт шенеуніктерін ақшаны ысырап етті деп айыптаған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін футболдан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы кездесуде Қазақстан құрамасының Франция құрамасынан 8:0 есебімен ұтылуы қоғамда үлкен талқылауға ұшыраған. Осы жеңілістен соң футбол федерациясы мемлекеттік қаржыландырудан бас тартқанын мәлімдеген еді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button