Air Astana авиарейстерінде жарылыс болатынын хабарлады

aviakassa kazakhstan

Белгісіз біреу Санкт-Петербург-Нұр-Cұлтан бағыты бойынша Air Astana авиарейстерінде жарылыс қаупі туралы хабарлаған. 

Ақпаратты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Алдын ала Air Astana Call-орталығына сағат 00:45-те Пулково-Нұр-Сұлтан 138-ші рейсінің жарылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат келіп түсті. 2:49-да 138-ші «Пулково-Нұр-Сұлтан» рейсі тексеріліп, тұрақты түрде жұмыс істеді», –  делінген хабарламада.

Ал Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаменті бұл туралы білмейтін болып шықты. 

«Аталған факті көліктегі полиция департаментінде тіркелмеген. Осыған байланысты түсініктеме беру мүмкін емес», – дейді ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ал Air Astana әуе компаниясы қауіп болатыны туралы хабарлама шынымен түскенін, бірақ анықталмағанын айтты. 

«18 қараша күні сағат 20:45-те Air Astana әуекомпаниясына көрші мемлекеттің аумағы арқылы өтетін авиамаршруттағы қауіпсіздік қатері туралы хабарлама келіп түсті. Анонимді хабарламада авиакомпанияның атауы да, рейс нөмірі, күні немесе уақыты көрсетілмеген. Авиакомпания дереу қауіпсіздік шараларын күшейтіп, өзінің барлық рейстерінің келуі мен ұшуы бойынша қосымша тексеру жүргізді. Қауіп туралы ақпарат расталмады», – деп хабарлады Air Astana.

Барлық материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған