АТЫРАУДА

Атырауда бетперде кимеген жолаушылар автобусқа кіргізілмей жатыр…

Атырау облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысына сәйкес, жексенбіде қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынып отыр, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

17 сәуірде заңды күшіне енген Қаулыға сәйкес, қаладағы қоғамдық көлік қозғалысына жұмыс күндері және сенбіде штаттық кестемен рұқсат беріліп отыр. Ал, жексенбіде қоғамдық көліктер қозғалысына тыйым салынған.

«Қарбалас кезде қоғамдық көлік желіде максималды шығуы керек, қоғамдық көліктің толтырылуы отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Көлік барлық есігін ашуы керек, жолаушыларға қолжетімді жерлерге антисептик құйылған санитайзер орнатылуы, бетперде кимеген жолаушыларды кіргізілмеуі тиіс» делінген қаулыда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button