Атырауда бір тәулікте 302 адам Covid-19 жұқтырған

by Depti
0 views

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 302 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 187 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 55 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Индер ауданында – 21 науқас анықталған, Исаиай ауданында – 3, Қызылқоға ауданында – 3, Мақат ауданында – 20, Махамбет ауданында – 13 адам.

img 20210824 wa0008 1

Коронавирустық инфекциясы бар 72 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 230 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 544 адам емделді.

Қазір 8 414 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 193, екінші облыстық ауруханада – 179 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 65, кардиоорталықта – 96, т/ж ауруханасында – 76 адам ем алуда,  облыстық ауруханада – 159, жатақханада – 96, аудандық инфекциялық стационарларда – 352. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 410 науқас. Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.

img 20210824 wa0009

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com