АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПАТокио-2021

Паралимпиада: Атыраулық спортшыларға жанкүйер болайық! (+ФОТО, ВИДЕО)

Алдағы 27 тамыздан бастап сегіз атыраулық спортшы Токиода өтетін XVI Жазғы Паралимпиада ойындарында бақ сынамақ, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

https://youtu.be/o8e8-KVd-EY

Ең алғаш болып жарыс жолын 27 шілде күні Ануар Сариев бастайды. Содан соң белгіленген ретпен Теміржан Дәулет, Ғалымжан Смағұлов, Жанбота Аманжол, Ерлан Өтепов,  Зарина Байбатина, Ержан Сәлімгереев және Нұрлан Домбаев өнер көрсетеді.

Жалпы, қазақстандық спортшылар параойындардың 25 лицензиясын ұтып алған болатын. Олардың сегізі біздің жерлестерімізге тиесілі. Мәселен, ел тарихында алғаш рет парадзюдо лицензиясына ие болған алты спортшының бесеуі – атыраулықтар. Атап айтқанда, олар – Ануар Сариев, Теміржан Дәулет, Ғалымжан Смағұлов, Зарина Байбатина және Аманжол Жанбота. Ал, бұдан бұрын маңызды жолдамаға паратаеквондошы Нұрлан Домбаев пен паражүзуден Ержан Сәлімгереев қол жеткізген еді.

Ендеше, бұған дейін түрлі халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген жерлестерміз Токиода өтетін паралимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғайтынына мол үміт артып, зор сенім білдіреміз. Еліміздің барша спортшыларына сәттілік серік болғай деп тілейік!

Назарларыңызға атыраулық спортшылардың Паралимпиада ойындарындағы кестесін ұсынамыз:

img 20210824 wa0013

27 тамыз – Сариев Ануар (дзюдо) 06:30-09:30; 12:00-14:40

img 20210824 wa0019

28 тамыз – Дәулет Теміржан (дзюдо) 06:30-09:30; 12:00-14:40

galymzhan 2

28 тамыз – Смағұлұлы Ғалымжан (дзюдо) 06:30-09:30; 12:00-14:40

img 20210824 wa0018

29 тамыз – Аманжол Жанбота (дзюдо) 06:20-10:00; 12:20-15:50

img 20210824 wa0017

29 тамыз – Ерлан Өтепов (дзюдо) 06:20-10:00; 12:20-15:50

img 20210824 wa0016

29 тамыз – Зарина Байбатина (дзюдо) 06:20-10:00; 12:20-15:50

img 20210824 wa0015

30 тамыз – Ержан Сәлімгереев (жүзу) 05:00-07:25; 13:00-16:00

1 қыркүйек – Ержан Сәлімгереев (жүзу) 05:00-07:20; 13:00-16:40

img 20210824 wa0014

3 қыркүйек – Нұрлан Домбаев (таеквондо) 06:00-11:00; 13:00-18:10

238578587 1998162887000862 276823281315822594 n 1

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button