Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 302 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 187 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 55 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Индер ауданында – 21 науқас анықталған, Исаиай ауданында – 3, Қызылқоға ауданында – 3, Мақат ауданында – 20, Махамбет ауданында – 13 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 72 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 230 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 544 адам емделді.
Қазір 8 414 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 193, екінші облыстық ауруханада – 179 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 65, кардиоорталықта – 96, т/ж ауруханасында – 76 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 159, жатақханада – 96, аудандық инфекциялық стационарларда – 352. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 410 науқас. Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.