АТЫРАУДА

Атырауда дәрі бағасына қатысты жалған ақпарат тарады…

Атыраудағы тұрақтандыру қорынан дәрі-дәрмектер дәріханаларға жоғары бағамен сатылуда деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Inkar» Атырау филиалы директорының міндетін атқарушы Сәуле Таниева дәрі қымбатшылығына қатысты ақпаратты жоққа шығарды. Айтуынша, Тұрақтандыру қорына дәрі-дәрмек сатып алумен айналысатын «Inkar» Атырау филиалы жеке дәріханаларға препараттарды шекті, тіпті,  нарықтағыдан төмен бағада өткізеді. 

Бүгінде өңірде 42 аталым бойынша екі айлық дәрі қоры бар.

– Біздің компания дәрі-дәрмекті дәріханаларға уақытында жеткізеді. Қазір тұтынушылардан шағым жоқ. Бізде үш жүргізушіміз бар, тағы екеуі аудан бойынша тасымалдайды. Көліктердің де жағдайы жақсы, – деді Сәуле Таниева.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button