АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЕКІ ЖАҢА ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде баяндама жасады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Атырау облысында екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның бірі, полиэтилен шығаратын интеграцияланған газ-химия кешенінің (KLPE ЖШС) құрылысы. Іске асыру кезеңі – 2023-2027 жылдар.

Сондай-ақ бутадиен және оның туындыларын өндіру бойынша жоба («Бутадиен»ЖШС). Іске асыру кезеңі – 2024-2025 жылдар», – деп хабарлады Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кету керек, бүгінде облыста ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында,
Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы,
KPI ЖШС интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы, Газ өңдеу зауытының құрылысы («GPC Investment»ЖШС) бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button