АТЫРАУДА

Атырауда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аталып өтті

26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жасөспірімдер арасында турнир ұйымдастырылды.

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарамасымен , Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен, Атырау облысының ЖИТС қызметкерлерімен бірлесіп Қазақстан Республикасы тәуілсіздігінің 30 жылдығы аясында 26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай шағын футболдан жасөспірім ұлдар арасында қалалық онлайн турнир ұйымдастырды.

Сонымен қатар жасөспірімдерге Атырау облысы Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының өздерінің қызметтік иттерімен қойылымдар, одан әрі Атырау облысы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағы қызметкерлері арнайы оқу-жаттығу тәсілдерін көрсетті.

Жасөспірім ұлдар арасында қалалық онлайн турнирін жеңізпаздары анықталып, барлық қатысушыларға және волентерлармен блогерлерге құрмет грамоталары және арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button