Атырауда күнбағыс майын ұрлағандар ұсталды (видео)

Желілік полиция қызметкерлері темір жолды торуылдаған қылмыстық топты ұстады. Жеңіл ақша табуды көздегендер Мақат станциясына келіп тоқтап тұрған транзитті жүк пойызынан  8 тонна өсімдік майын ұрлаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жергілікті бірнеше тұрғын ұсталып,  ұрланған тауар тиелген көлік табылды.

«Олар өздерінің уаз көліктерімен түнгі уақытта вагон есігін ашу арқылы ішінен 8 тоннадан астам күнбағыс майын ұрлағаны анықталды. Қазіргі таңда ҚР-ң қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде» дейді Атырау станциясы ЖПБ Криминалдық полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Айболат Көшімов. 

«Каспианлайф»

Exit mobile version