Атырауда мас ер адам көлік қозғалысына кедергі келтірді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мас ер адамның жол ортасына шығып, көлік тоқтатпақ болғаны бейнебақылау камерасына түскен.
«Жедел басқару орталығының қызметкерлері 6 қыркүйекте сағат 16:55 шамасында Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында жол ортасына шыққан ер адамды байқаған. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері 44 жастағы ер адамды медициналық сараптамаға апарды. Сараптамен қорытындысымен Қызылқоға ауданы тұрғынының орта дәрежедегі мас екені анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Көлік қозғалысына кедергі келтірген мас ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 1-бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.