Қазақстанда

Ауа-райы күрт өзгереді

Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылдың 9-11 қыркүйегіне арналған ауа-райы болжамымен бөлісті.

Кетіп бара жатқан циклон мен фронтальді бөліктермен, солтүстікте, солтүстік-шығыста жаңбыр, шығыс облысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. 10 қыркүйектен бастап Солтүстік циклонның Қазақстан аумағына ығысуына орай, еліміздің басым бөлігінде, таулы аудандарда және оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердің солтүстігінде, найзағай мен бұршақ жауу ықтималдығы бар. Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде 3-11-ден 5-15-ке дейін, күндіз 15-23-тен 20-28-ге дейін.

Солтүстік пен орталыққа келсек, бұнда түндегі негізгі фон 2-13-ті құрайтын болады. Ал 9 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз 15-23-тен 10-20-ға дейін, шығыста негізгі фон түнде 2-16-ға, күндіз 15-25-ке, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 10-18-ден 4-14-ке дейін, күндіз 19-30-дан 15-25-ке дейін жылу болады деп болжануда

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button