Қазақстанда

Дәрі-дәрмек қаншаға арзандайды?

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы бұйрығына сәйкес, дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағалары, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар бекітілді.

Мәселен, көтерме саудадағы Анальгин бағасы өндірушісіне байланысты бір қаптамасы (упаковка) 55,26 теңгеден 550,44 теңгеге дейін, бөлшек саудада – 85,65 – 798,14 теңгеге дейін деп бекітілген. Ангисептің бағасы көтерме саудадағылар үшін 62,92 – 85,91 теңге, ал бөлшек саудададағылар үшін 97,53 – 113,16 теңге аралығында.

Антигриппин бағасы өндірушісіне байланысты 388,23 – 784,74 теңге аралығын құрайды. Баралгин бағасы – 1 885,60 – 2 084,30 теңге. Валидол – 170,87 теңге. Диклофенактың – 520 теңгеден (таблеткадан) 2 779 теңгеге дейін (көз тамшылары) деп белгіленді. Ибупрофен бағасы өндірушісіне байланысты 187 теңгеден 2329 теңгеге дейін аралықта болады. Кардиомагнил бағасы – 483,55 – 2 397 теңге (өндіруші мен дозасына байланысты) аралығында бекітілген, Парацетамол – 30 -дан 420,48 теңгеге дейін (суспензия). Тізімге енген барлық дәрі-дәрмектер саны – 7 023. Дәрілердің толық тізімін мына жерден көре аласыздар. Бұйрық 2021 жылы 18 қыркүйекте күшіне енеді.

» zakon.kz»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button