Атырауда мектеп шатырының ұшып кеткен сәтінен видеолар тарады…

Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылының әкімі Қанат Құлшаровтың айтуынша, төтенше оқиға сағат 17.30-да мұғалімдер мен оқушылар үйлеріне кеткен уақытта орын алған. Салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

https://youtu.be/5BxlrY57gBg

Соңғы рет мектепте күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілді. Сол кезде «Бек және Ко» компаниясы шатырын толығымен өзгертті.
Айта кетейік, Сүйіндік ауылында таңертеңнен бері қатты жел тұрған, оның екпіні секундына 65 метрге жетті.

Ләззат Сәлімова

Exit mobile version