Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырауда мемлекеттік қызметшілердің демалыс күндері жұмысқа шығуын тоқтатуға бағытталған ақпараттық жүйе жасақталуда

2020 10 22 mem kyzmet

Мемлекеттік органдардың қолжетімділіктерін бақылау мақсатында «Е-қызмет» жүйесімен интеграциялау жоспары бекітілді, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов мәлім етті.

Бұл өз кезегінде атқарылатын шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға, икемді жұмыс кестесін құруға, оның ішінде жұмыс күні аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнындағы кідірісін, қызметшілердің демалыс күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтатуға бағытталатын болады, деді спикер.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Атырау облысы Еңбек инспекциясы басқармасына 200 ден аса арыз-шағым келіп түскен.

Арыз-шағымдар нәтижесінде 167 мекеме тексеріліп, тиісті шаралар қолданылған.

Exit mobile version