Атырауда нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірген дәрігерлер түрмеге жеткізілді

yy 1567228184

Атырауда нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікпен сотталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері тергеу изоляторынан түрмеге жеткізілді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті.

Перинаталды орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан мен акушер Жамиля Құлбатырова алдын-ала сөз байласу арқылы жаңа туған нәрестені өлтіруге кінәлі деп танылды. Айыпталушылар 18, 16 және 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар дәрігер-неонатологтар Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қуаныш Нысанбаев пен Асқар Қайыржан жазаларын өтеу үшін Орал қаласындағы қатаң режимдегі түрмеге жеткізілді. Ал Құлбатырова Атырау қаласындағы әйелдер колониясында өтейтін болады. Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева пробация қызметінің есебіне алынды. 

Дәрігерлер қылмысын мойындамағанын айта кету керек. Олар аппеляциялық шағым түсіргенімен, үкім өзгеріссіз қалды.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған