Әлемде

Жол апатынан бір отбасының 11 мүшесі қайтыс болды

23 қарашада Болгарияда жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус өртеніп, 46 адам қаза тапқан, олардың 12-сі балалар.

Trafficnews басылымының мәліметінше, көз жұмғандар арасында 11 адамнан тұратын отбасы да болған. Олар Скопье қаласынан Ыстамбұлға бара жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құрбандар арасында Студеничани ауылының 4 тұрғыны, Скопье қаласындағы Исмаил Кемали бастауыш мектебінің оқушылары болған. Қазір бастауыш мектепте жұмыс уақытша тоқтатылған. 

Жол апатынан қаза тапқан ең жас жолаушылар – Луан және Албан Ахмети есімді егіздер. 

Автобуста болған жалғыз Сербия азаматы Лулзим Сулеймани мен қалыңдығы аман қалған. Олар Ыстамбұлға бармақшы болған. 

Солтүстік Македония премьер-министрі Зоран Заев аман қалғандардың бірімен тілдескен. Айтуынша, жолаушы жарылыс дауысынан оянған. Кейбірі автобустан терезелерін сындырып шыққан. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button