АТЫРАУДА

Атырауда нан қымбаттай ма?

Ұнның бағасын тұрақтандыру мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық – түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы АҚ және Атырау облысы әкімдігі арасында үш жақты Меморандумға қол қойылды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Давлетов мәлімдеді.

Келісім аясында біз нан, ұн және макарон өнімдерінің бағасын ұстап тұра алдық. Қазіргі таңда, осы үш жақты меморандум аясында «Карат» ЖШС өңірдегі бидай өңдеуші кәсіпорын ретінде тағайындалды. Қазірдің өзінде жеңілдетілген бағамен 16 мың тонна бидай және кебек тасымалдануда.  Сонымен қатар, Атырау қаласының өзге де наубайханаларына Желаев нан өнімдері комбинаты арқылы қолжетімді бағада ұн сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Руслан Давлетов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Идеал маркетімен» 400 миллион теңгеге келісімшарт жасалып, 36 супермаркетте отандық өнімдер төмен бағада сатылуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button