АТЫРАУДА

Атырауда полицейлер ауыл тұрғынын суицидтен құтқарып қалды…


Өз өзіне қол жұмсамақ болған ауыл тұрғынын полицейлер құтқарып қалды.

18 маусым күні 23:40 шамасында Исатай ауданы Жанбай селосының белгісіз тұрғыны ауылдық полиция учаскесіне қоңырау шалып, туысының өз өзіне қол жұмсауға тырысқаны туралы шұғыл хабарлады.
Полицейлер дереу аталған мекен-жайға қарай бағыт алып, оқиға орнына жеткен кезде ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында пышақпен қолының күре тамырлары мен өңешін кескілеп, жақындаса өзіне қол салаты туралы айтып, қорқытқан. Дегенмен қырағы сақшылар тұрғынды алаңдатып қолындағы пышақты қоян-қолтық әскери ұрыс әдісін қолдану арқылы тартып алды. Адам өмірін өлімнен арашалап қалған сақшылар жараланған адамды қызметтік автокөліктерімен дереу аудандық ауруханаға алып келді.

  • Шұғыл түрде шешім қабылдадық. 53 жастағы ауыл тұрғыны бәрін қорқытып, денесін көзімізше кескілеп, өзін мерт қылуға ниеттеніп тұрғаны анық болды. Екі әріптесім учаскелік полиция испекторлары полиция ​ аға лейтенанты Ринат Қуанышев пен полиция лейтенанты Есенгелді Зайнов оны алаңдатып тұрған кезде, мен артынан ақырындап келіп, пышағын тартып алдым. Өте қауіпті әрекет болғанымен адам өмірін құтаруды ойладық. Бұл әрекетімізді ерлік деп есептеймейміз. Біз ел алдына ант бергенде, қолдан келгенше қорған боламыз деп сендірген едік-дейді, Исатай ауданы Жанбай ауылдық Полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Ринат Қарасартов.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

Атырау облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button