Атырауда полицейлер ауыл тұрғынын суицидтен құтқарып қалды…


Өз өзіне қол жұмсамақ болған ауыл тұрғынын полицейлер құтқарып қалды.

18 маусым күні 23:40 шамасында Исатай ауданы Жанбай селосының белгісіз тұрғыны ауылдық полиция учаскесіне қоңырау шалып, туысының өз өзіне қол жұмсауға тырысқаны туралы шұғыл хабарлады.
Полицейлер дереу аталған мекен-жайға қарай бағыт алып, оқиға орнына жеткен кезде ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында пышақпен қолының күре тамырлары мен өңешін кескілеп, жақындаса өзіне қол салаты туралы айтып, қорқытқан. Дегенмен қырағы сақшылар тұрғынды алаңдатып қолындағы пышақты қоян-қолтық әскери ұрыс әдісін қолдану арқылы тартып алды. Адам өмірін өлімнен арашалап қалған сақшылар жараланған адамды қызметтік автокөліктерімен дереу аудандық ауруханаға алып келді.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

Атырау облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы

Exit mobile version