АТЫРАУДА

Атырауда қараусыз қалған үйлер оқыс оқиға орнына айналып отыр…

Атыраулық полицейлер қараусыз ғимараттарға рейдтік жұмыстар жүргізуде.

Қараусыз қалған ғимараттар мен үйлер маскүнемдер мен нашақорлардың, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдардың жиналатын орынына айналып,  құқықбұзушылықтардың жиі болуына ықтимал орындарға айналып отыр. Осыған байланысты, учаскелік инспекторлар өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарында қараусыз қалған үйлер мен обьектілерді жүйелі түрде тексеруде.

Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктерге осы орындарды жабуға және иесін анықтауға хаттар жолданады, әрі қарай бұл жұмыстар бірлесіп атқарылады. Бұл ретте жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындарымен оқыс оқиғаларды алдын алу мақсатында қараусыз қалған үйлерге кәмелетке толмаған балаларын жібермеу, оның ішіне жиналмау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда дереу полиция қызметкерлерін шақыру керектігі жөнінде ескертілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button