АТЫРАУДА

Атырауда қоғамдық орындарға енді QR-код арқылы тексеріп кіргізеді

Атырауда «Infinity Fitness» фитнес орталығы «Ashyq» жобасы аясында QR-кодқа ие болған алғашқы бизнес-нысан. Бұл ретте, орталық басшысы Динала Чалиева өзі ынта білдіріп, жергілікті кәсіпкерлер палатасымен кеңескенін айтады, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

  • – Алматыдағы әріптестерімнен локдаунға қарамастан осы жобаның арқасында олардың қалыпты жұмыс жасағанын естідім. Мен де олардан қалғым келмеді. Әрі, бұл халықтың денсаулығын қорғау үшін де қажет. Жаңа қосымша орталыққа келушілердің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, коронавирустың бар-жоғына тапсырылған сынамасы оң нәтиже көрсеткен тұрғындарға қызыл түс жанады. Олар қоғамдық орындарға уақытша кіре алмайды. Ал, көк немесе жасыл түс жанса, кіруге рұқсат бар, – деді ол бізбен әңгімесінде.

Фитнес орталығына келуші Әсел Балғабаева ұялы телефонына «Ashyq» қосымшасын жүктеп алғанын және оны қолдану өте ыңғайлы екенін айтады. Тіпті, телефон болмаған күннің өзінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН/ИИН) енгізу арқылы да мәртебені оп-оңай анықтауға болады.

Айта кетейік, 26 сәуірде аталған жобаның пилоттық кезеңі аяқталып, аймақтың барлық ауданында іске қосылатын болады. Ал, ай соңында бұл жоба еліміздің барлық аумағын қамтиды деп жоспарлануда.

Жоба қатысушылары QR-код алу үшін infokazakhstan.kz сайтына өтініш беруі керек.

  • Сондай-ақ, қосымша сұрақтар бойынша Telegram мессенджеріндегі @support_ashyq_bot қызметіне немесе өңірлік кәсіпкерлер палатасының 8(7122)763657, 87025001308 (Еркінбек), 87075093088 (Еркебұлан) нөмірлеріне хабарласуға болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button