Атырауда қоғамдық орындарға енді QR-код арқылы тексеріп кіргізеді

Атырауда «Infinity Fitness» фитнес орталығы «Ashyq» жобасы аясында QR-кодқа ие болған алғашқы бизнес-нысан. Бұл ретте, орталық басшысы Динала Чалиева өзі ынта білдіріп, жергілікті кәсіпкерлер палатасымен кеңескенін айтады, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Фитнес орталығына келуші Әсел Балғабаева ұялы телефонына «Ashyq» қосымшасын жүктеп алғанын және оны қолдану өте ыңғайлы екенін айтады. Тіпті, телефон болмаған күннің өзінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН/ИИН) енгізу арқылы да мәртебені оп-оңай анықтауға болады.

Айта кетейік, 26 сәуірде аталған жобаның пилоттық кезеңі аяқталып, аймақтың барлық ауданында іске қосылатын болады. Ал, ай соңында бұл жоба еліміздің барлық аумағын қамтиды деп жоспарлануда.

Жоба қатысушылары QR-код алу үшін infokazakhstan.kz сайтына өтініш беруі керек.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Exit mobile version