Атырауда сотталғандар Елбасыға тілек жазды

Атырауда УГ-157/9 (ерлер түзету колониясы) мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды, деп хабарлайды depti.kz.

Ерлер түрмесінде ұрлық, алаяқтық, тонау қылмыстарын жасаған ер адамдар жазаларын өтеп жатыр. Оларды қоғамға бейімдеу және қылмысқа қайта барғызбау мақсатында түрлі психологиялық іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 30-жыл толу қарсаңында УГ-157/9 мекемесінде сотталғандар арасында «Елбасына тілек» тақырыбында шығарма, хат және эссе жазғызу арқылы психологиялық тұрғыда профилактикалық іс – шара өткізілді.

Exit mobile version