АТЫРАУДА

Атырауда теріс діни ағым өкілдері исламға бет бұрған

Деструктивті ағымдағы 86 адам дәстүрлі исламға бет бұрған.

Бұл туралы Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

– Жалпы 2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 350 деструктивті діни ағым жақстастарымен 1200 жеке теологиялық оңалту шаралары өткізілді. Сонымен қатар, терроризм және экстремизм бабы бойынша сотталған 39 жазасын өтеушімен 200 рет жеке кездесу, 8 жалпы шара және 2 интелектуалдық сайыс өткізілді, – деді Қайролла Көшқалиев.

Басқарма басшысының мәліметіне сәйкес, осы аралықта 86 тұлға толықтай дәстүрлі діни бағытқа қайтарылған. Оның ішінде 64 тұрғын, 8 жазасын өтеуші, 5 студент болса, қалғаны экстремизм баптары бойынша жазасын өтеп шыққандар және олардың жұбайлары, сондай-ақ пробациялық бақылаудағы азаматтар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button