АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҮЙДЕ ЕШКІМ ЖОҒЫН ПАЙДАЛАНЫП АЛТЫН ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ…

Атыраулық полицейлер тұрғын үйден алтын бұйымдар ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қараша күні Атырау ҚПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, күндізгі уақытта үйінің терезесін ығыстырып ашу арқылы, алтын бұйымдарын ұрлап кеткені жөнінде хабарлама түсірген.

Атырау ҚПБ-ның №1 Қалалық Полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, осы қылмысқа күдікті 1984 ж.т жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Тергеу барысында, жас жігіт үй иесінің жоқтығын пайдаланып, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан алтын бұйымдары мен гауһар тасын ұрлап, жәбірленушіге 580 мың теңге залал келтіргені анықталды. Үй ұрысы ұрлаған алтын бұйымдарды Атырау қаласындағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3 бөлігімен тергеу жүргізілуде.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары Атырау қаласы тұрғындарына қырағы болуға және өз үйлерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Үйлердің терезелерін темір торлармен бекітіп, есіктерге сенімді құлыптар қойып, сондай-ақ тұрғын үйлерге күзет дабылқаққышын орнату қажет. Пәтер ұрлығы болған жағдайда шұғыл 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласу керек, бұл хабарламаңыз полиция қызметкерлеріне ұрлықтың ізін суытпай ашуға көмектеседі.

img 20211118 wa0027

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button