БЕЙНЕТАСПАҚазақстанда

Метрода пранк жасаған жігіттердің басы дауға қалды (+ВИДЕО)

Алматы метросында жолаушыларға пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды жергілікті полиция департаменті.

Метрополитендегі полиция басқармасының мәліметінше, үш жас жігіт Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған. Олар музыка колонкасының көмегімен әуенді қатты қойып, азаматтардың наразылығын тудырған. Кейбір жолаушылар әуеннің кенет қатты ойнайтынын күтпегендіктен, қорыққан. Олардың бірі «Жібек жолы» бекетінде қызмет ететін полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.

news full16372100210f79ee335b725dce55b0ab8f84d78547

«Қоғамдық тәртіпті бұзғандар инспектордың заңды талаптарына қарсылық танытты. 19 және 22 жастағы А, К. және А.есімді азаматтардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылыққа жатқызылды. Әкімшілік істің материалдары жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», – деді метрополитендегі ПБ бастығының орынбасары Қайрат Жұрынов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button