АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

Атырауда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне миллион теңгеден қаржылай көмек берілді.

Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат таратты.

«Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, аталған мереке қарсаңында барлығы екі мыңдай адам қолдау алды. Атап айтқанда, Атырау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысқан 2 арадгерге және соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагер тұтқыны санатына жататын бір адамға 1 000 000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Ал, жеңіске үлес қосқан 45 тыл ардагері – 100 000 теңгеден бір реттік ақшалай көмек алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс жасаған алайда наградталмаған 1 874 тыл еңбекеріне  – 30 000  теңгеден қаржылай көмек берілді», делінген таратылған хабарламада.

Бұдан бөлек, әлеуметтік қорғалатын санатқа кіретін 372 адамға басқарма тарапынан 100 000 теңге көлемінде қаржылай төлем берілген.

– Әлеуметтік қорғалатын азаматтар санатына Ұлы Отан және Ауған соғысына қатысушылар, Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандар, Тәжік-ауған (315 адам) аумағындағы соғыс қимылдарында болғандар, Ирактағы (5 адам) халықаралық бітімгершілік операциялары мен Таулы-Қарабақтағы (52 адам) этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан адамдар кіреді. Оларға «Ардагерлер туралы» заңға сәйкес ай сайын коммуналдық шығындарды өтеу және атаулы даталарда 100 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, – деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінен.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button