Атырауда ыстық су беру екі күнге тоқтатылады

59bfb45c02b58
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Бұл туралы «Атырау жылу желілері» АҚ хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, 20-21 сәуір аралығында магистральдық жылу желілерінің гидравликалық беріктігі мен тығыздығына сынау жүргізіледі. Осыған байланысты бұл күндері тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылады.

  • «Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сынақ кезеңінде жылу трассасының құбырларына 10 метрге дейін қашықта жақындамауды сұраймыз. Құбыр бойында олқылықтар пайда болған жағдайда жедел хабарлауды сұраймыз» делінген кәсіпорын таратқан ақпаратта.