АТЫРАУДА ЖАҢА БӨБЕКЖАЙ-БАҚША АШЫЛДЫ

Бүгін, 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Водников елді мекенінде жаңа бөбекжай-бақша ашылды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ашылу салтанатындағы лента қию рәсімі облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен «Теңізшевройл» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевке ұсынылды. 280 орындық бөбекжай-бақша «Теңізшевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

– Облыс бойынша 5 жыл ішінде 50 балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Биыл өңірде 11 мемлекеттік балабақша қолданысқа беріледі.  Солардың бірі – Водников елді мекенінде орналасқан «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасы. Мұнда балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасалған. Ұжымға балаларды тәрбиелеу ісінде табыс тілеймін, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтың мәлімдеуінше, Водников елді мекенінде  келесі жылы 600 орындық мектептің құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Exit mobile version