АТЫРАУДА

Атырауда жасөспірімге көлігін берген азамат 145 850 теңге айыппұл арқалады

Атырауда жасөспірімге көлігін айдауға берген азаматқа 145 850 теңге айыппұл салынды.

Облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Мейірім Ердәулеттің хабарлауынша, оқиға 5 мамыр күні сағат 01:40 шамасында Береке ауылында орын алған.  Патрульдік полиция қызметкерлері «Daewoo Damas» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде көлік жүргізушісі мен  жолаушысының 17 жастағы жасөспірімдер екендігін анықтады. Олар Мақат ауданы және Береке ауылының тұрғындары. Көлік басқарған жасөспірімнің айтуынша, нағашы ағасының көлігін досын үйіне апарып тастау үшін айдап кеткен.

Аталған оқиға бойынша, кәмелет жасқа толмаған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 2 бөлігімен (көлік құралын жүргізуге құқығы жок) әкімшілік хаттама толтырылып, оның кәмелет жасқа толмауына байланысты, анасына 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жасөспірімнің 1981 жылы туған нағашы ағасына көлік құралын басқаруға құқығы жоқ азаматқа көлік құралын басқаруға бергені үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 5 бөлігімен (Басқару құқығы жоқ адамға (белгiленген қағидаларға сәйкес жүргiзуге оқыту жағдайларын қоспағанда) не көлiк құралын басқару құқығынан айрылған адамға көлiк құралын басқаруға беру) әкімшілік хаттама толтырылып, 145 мың 850 тенге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүргендері үшін, ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторларымен олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 442 бабының 2 бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту берілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button