АТЫРАУДА

Атырауда жедел жәрдем жеткілікті ме?

Ағымдағы жылдың 14 маусым күні «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов Атырау облысына жасаған іссапары аясында «Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына» барды.

Атырау облысында 3 қосалқы станциялармен (мкр. Бірлік, мкр. Нурсая, мкр. Балықшы) бірге1 дербес медициналық жедел жәрдем станциясы жұмыс жасайды. Сонымен бірге аудандарда 13 бөлімшелер (жедел медициналық көмек станциялары) бар.
Орталық медициналық жедел жәрдем станциясы (әрмен қарай ЖМКС) Атырау қаласында жеке бейімделген ғимаратта орналасқан. Үш қосалқы станциялар да бейімделген ғимараттарда орналасқан және 1–3 категориялардағы шұғыл қоңырауларға дейін бригадалар 10 минутта жетуді қамтамасыз ете алатындай етіп орналасқан. 2021 жылдың алғашқы тоқсанында медициналық жедел жәрдем станциясын қаржыландыру – 1 678 663 мың теңгені құрады.
2020 жылдың басынан бастап тіркелген тұрғындар саны – 641146 адам. 2021 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша – 660 206 адам тіркелген (өсім 3%). Пайдалануға 60 автотранспорт берілді, оның ішінен 42 дизелді отынмен. Дизелді отынмен автотранспорттарды енгізуге байланысты жанар май шығыны 2 есеге өсті.
Атырау облысы бойынша медициналық жедел жәрдем станциясының қосымша қажеттілігі ағымдағы жылдың аяғына дейін қосымша 505 587, 7,0 мың теңгені қажет етеді. 2021 жылға «Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы» қызметіне болжанатын бюджет – 2 320 229,70 мың теңгені құрайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button