«Балалар үйінде бүлдіршіндердің ойыншықтарын ешкім тартып алған жоқ»

Атырау облысы әкімінің сәбилер үйіне сыйлаған ойыншықтары сол мекемеде, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері, мерекелік шарадан кейін бүлдіршіндердің ойыншықтарын тартып алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде, 1 маусым күні сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың сыйлаған ойыншықтарын, Мамандандырылған мекеме тәрбиешілері тартып алғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Сол мекеменің бас дәрігері Раиса Баймұханованың айтуынша, барлық ойыншықтар мен әдістемелік құралдар сәбилер үйінің қолданысына арналған. Қазір бұл жерде 23 сәби тәрбиеленуде, және де күндізгі стационарда ем қабылдайтын бүлдіршіндер бар. Ойыншықтар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, педагог-дефектологтардың бақылауымен пайдалануға берілген.

– Сол күні күндізгі стационарда ем алатын үш бүлдіршін ата-аналарымен ем қабылдауға келіп, кейін акт залындағы концертті тамашалаған. Дегенмен, біздің мекемедегі барлық ойыншықтар осы жерде тәрбиеленетін балалар мен станционарлық ем алушы бүлдіршіндерге арналған және мекеменің ішінде ғана пайдаланылады. Өз кезегімде, облыс әкімдігіне бізге көрсеткен лебіздері мен тәрбиеленушілерге сыйлаған көңіл-күй үшін алғысымды білдіремін, – деді Раиса Баймұханова.

Exit mobile version