АТЫРАУДА

Атыраудағы супермаркеттер бір тауарды әртүрлі бағада саудалаған

Атырау облысындағы супермаркеттер бір тауарды әртүрлі бағада саудалаған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті бірқатар супермаркеттердің іс-әрекеттерінде заңнаманы бұзу белгілерін анықтады. Б

елгілі болғандай, бір сауда желісіне жататын супермаркеттерде бір тауарға, атап айтқанда, жеміс-көкөніс өнімдеріне, күнбағыс майына, макарон өнімдеріне және қарақұмық жармасына әртүрлі бағалар қолданылған, бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасына қайшы келеді. Үш сауда желісінің супермаркеттерінде бұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты, Департамент нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарламалар шығарды және оны нарық субъектілері қабылдаған күннен бастап 30 күннен кешіктірілмейтін мерзімде орындалуға жатады.

«Қазақпарат»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button