Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасында бес сәби дүниеге келді

«Жаңа туылған нәрестелер арасында төрт қыз, бір ұл бала бар» деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының штаттан тыс бас инфекционисті Надя ЕРҒАЛИЕВА айтты.

Дәрігердің айтуынша, қазіргі уақытта сәбилердің жағдайы тұрақты. Олардың екеуі кесір тілігі арқылы дүниеге келді.

2021 жылдың 18 наурызынан бастап Атыраудың модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында бес сәби дүниеге келді, жаңа туған нәрестелер арасында – 1 ұл, 4 қыз бар.  ПТР-тест нәтижелері бойынша балаларда коронавирустық инфекция анықталған жоқ.

Exit mobile version