АТЫРАУДА

Атыраудың орталық көшесінде лифтер іске қосылды

Атырау қаласының әкімдігі Қ.Сатпаев көшесі бойынша орнатылған жаяу жүргінші көпірінде тұрғындардың ыңғайлылығы үшін уақытша таңғы сағат 9:00-ден кешкі 20:00 дейін лифтер жұмыс жасайтынын хабарлайды.

Шақыру тетігі 10 күннен кейін орнатылатын болады.

Аталған көшедегі жаяу жүргінші көпірі ашылғанын да айта кету керек. “Спецавтобаза” ЖШС-де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жедел сатыны пайдалану үшін тегін магнит кілт беріледі. Тек олардың өзімен бірге мүгедектігін растайтын құжаты болуы керек.

Мекен- жайы мен байланыс телефоны: Атырау қаласы Қ.Сатпаев көшесі 25тел: +7(7122) 20-50-01, 20-50-02, 20-50-03.

Аталған жеделсатыны пайдалануға арналған магнитті кілтті “Атырау домофон қызметі” ЖСН-нен Атырау қаласы Қ.Сатпаев көшесі 40 «А», «Өнерпаз» мекен жайы бойынша алуға болады. Тел: 20-03-59, 21-44-59.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button