Атырауға «Pfizer» вакцинасы келді

Атырауға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған «Pfizer» вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

19 қараша күні таңертең облыстық фармацевтикалық қоймаға вакцинаның бірінші және екінші компоненттерінің 32 760 мың дозасы жеткізілді.

Вакцинация пункттерінде 12 жастан асқан жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге және емізулі аналарға коронавирусқа қарсы вакцина жүргізіле бастайды.

Еске сала кетейік, облысқа 9 қарашада екі вакцина мұздатқыш камерасы әкелінген.

Атырау облысында «Pfizer» вакцинасына қарсы көрсетілімдері жоқ
жүкті әйел, емізулі аналар және 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 76 мыңды құрайды.

Exit mobile version