АТЫРАУДА

Атыраулық дәрігер «Даму» қоры арқылы бизнесін дамытуда…

               Назымгүл Мендешева – жоғары санатты акушер-гинеколог. Ол жиырма жылдан аса жалпы дәрігерлік тәжірибесі толысқан мықты маман. Қазір Атырау қалалық перзентханада еңбек етеді. Жұмыстағы қарбаласқа қарамастан, кәсіпкер ретінде тіркеліп, жеке бизнес ашуға да уақыт тауып отыр, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

  •                «Осы саладағы теңдессіз тәжірибе маған көп көмектесті. Әсіресе, әйелдерді қабылдау мен қызмет көрсетуді ұтымды ұйымдастыра білуді үйрендім. Өзімнің кәсіби көзқарасым және жоғары талғамым қалыптасты. Сондықтан да болар, бүгінде «N&K клиникасында» жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды. Қабылдаудың ыңғайлы кестесі болашақ аналарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда олар бедеулік, гормоналды бұзылу және басқа да ауруларды емдейд. Жүктілік кезінде кеңес беріп, ультрадыбыстық және басқа да түрлі зерттеулер жүргізеді. «Даму» қорына келген кезде менің асқақ арманым орындалды десем болады. Онда мен бизнес-жоспар құрудың қыр-сырын меңгеріп, керек кеңестер алдым. Мемлекеттік қолдаудың арқасында біз өз болашағымызды құрып жатырмыз» дейді ісін енді бастаған бизнесвумен.

Медициналық жабдық сатып алуға арналған «Клиника N&K» ЖК стартап жобасы Атырау қаласындағы «Сбербанк» АҚ ЕБ жылдық 14% сыйақы мөлшерлемесіне ие болды. Оның 8% мемлекетпен, ал 6% кәсіпкермен субсидияланады. Бұл «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының екінші бағыты аясында мүмкін болды. Сондай-ақ, «Даму» қорының кепілдік құралы есебінен кепілзатпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Қор кепілдігі несие құнының 85% құрады.

               Болашақта «N&K Clinic» консультациялық-диагностикалық қызметтердің тізбесін заманауи жабдықтармен кеңейтуге, клиенттік базаны жаңартуға және болашақ аналардың денсаулығына қамқорлық таныту жоспарда бар. Қалай болғанда да, дені сау ұрпақ – баянды болашақтың бірден-бір кепілі екенін естен шығармаған жөн.

  • Қосымша ақпарат:

Мекен-жайы: Атырау қаласы, Шағала мөлтекауданы, 2; №1 үй.

«Инстаграм» парақшасы: nk_klinicasy

Ұялы телефон: 87010621110       

img 20210408 wa0047

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button