Атыраулық спортшы Олимпиада жолдамасына ие болды

Атыраулық таеквондошы Жансель Дениз ел қоржынына кезекті жолдаманы салды.

Амманда (Иордания) таеквондодан Азия құрлықтық Олимпиадаға іріктеу жарысы өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде 67 келіден жоғары салмақта Қазақстан сапынан Жансель Дениз бақ сынады. Жартылай финалда ол тәжікстандық Мохру Халимованы 12:2 есебімен ұтып финалға шықты.

Айта кетерлігі, құрлықтық іріктеу жарысында финалға шыққан спортшылар автоматты түрде Олимпиада лицензиясына иелік етеді.

Exit mobile version