АТЫРАУДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖЕЛІДЕ ТАРАҒАН ВИДЕОСЫНА ҚАТЫСТЫ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

by Depti
0 views

“Әлеуметтік желілерде Атырау қаласы білім беру ұйымдарының кәмелеттік жасқа толмаған 5 жасөспірімі топтасып төбелесіп, 8 – сынып оқушысын ұрған бейнежазба тарады” деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

https://youtu.be/BrqBfpnczjY

Аталған бейнежазбаны полиция қызметкерлері тексерді. Жағдайды жәбірленуші тараптың анасына хабарлаған.

Оқиға 12 сәуір күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласы Владимирский көшесінің бойында орналасқан интернат-мектебі ғимаратының артында орын алған.

Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысқан 5 жасөспірім, оның ішінде 4 мектеп оқушысы мен 1 колледж студентінің үстінен ҚР ҚК-нің 293 бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

​Бұдан бөлек, жауапқа тартылған жасөспірімдер оқитын білім беру ұйымдары басшыларынан түсініктеме алынды.

Ал жәбірленушіге психологтің көмегі көрсетіліп жатыр.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com