АТЫРАУДА

Атыраулықтар жекпе-жектен олжалы оралды


Атыраулық жасөспірімдер жекпе-жектен олжалы оралды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нұрсұлтан қаласында жасөспірімдер арасындағы жекпе-жектен өткен Қазақстан кубогынан атыраулық команда 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен оралды.

Атап айтсақ, 38 келі салмақта Дамир Алхам, 43 келіде Досымжан Мереке I орын, 35 келіде Нұрбек Жакен II орын, 27 келі салмақ дәрежесі бойынша Әділбек Сарыбай, 43 келіде Абдуррахман Жағыпар, 27 келіде Мақсат Бақтияр III орындарға ие болды.

Аға жаттықтырушы Абай Батырғалиев  жетекшілік еткен атыраулық команда 6-14 жас аралығындағы 750-ге жуық спортшы қатысқан додада жеңіске жетіп отыр. Жеңімпаз атанған спортшылар Әлем кубогі мен Азия кубогі үшін өтетін жарыстарға жолдама алды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button