Ауылдық округ әкімдерінің сайлауалды бағдарламасына қанша қаражат бөлінді?

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының сайлау туралы конституциялық заңына сәйкес, мемлекет кандидаттардың бағдарламалары мен БАҚ төлем жасау үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді.

Ауылдық округ әкімі лауазымына үміткерлерді бюджеттен қаржыландыру, аумақтық сайлау комиссиясының шешімі бойынша жүргізіледі. Жалпы жыл аяғына дейін сайлау процесіне 120 млн 248 мың теңге қарастырылған.

Exit mobile version