БӘРЕКЕЛДІ! 42 мыңнан астам атыраулық жұмыспен қамтылады

by Depti
0 views

Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов 22 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралған кеңесте жеті бағыттан тұратын нақты міндеттер жүктелгенін атап өтті. Облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын қабылдауды тапсырғанын жеткізді.

«Жоспар жобасында облысқа алдағы 5 жылда шамамен 9,5 трлн теңге инвестициялар тарту, оның ішінде 8 трлн 600 млрд теңгеден астам жеке инвестициялар тарту қарастырылған. Соның арқасында 42 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру көзделген. Кешенді жоспарды іске асыру Атырау облысының дамуына қуатты серпін беріп, азаматтарымызды толғандыратын көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді»,- деген аймақ басшысы бұл жоспарларды іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының да маңызды рөлге ие болатынын айтты.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com