БАСПАНА БАҒАСЫ: қымбатшылық қолдан жасалып жатыр ма?

Finprom.kz сайтының мәліметінше, биыл риэлторлық қызмет көлемі 17%-ға қысқарған. Алайда тұрғын үй нарығындағы дүмпу аталған сектордағы өсімнің жаңа драйвері болуы мүмкін.

Баспана бағасының жыл сайын өсіп бара жатқаны байқалады. Оған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтың халыққа берілуі себепші болған секілді. Дегенмен белгілі экономист-сарапшылар бұл құбылысқа өзгеше баға беріп отыр. Олар «жылжымайтын мүліктің қымбаттауы қолдан жасалған. Мұның артында белгілі бір мүдделі топтар болуы мүмкін» деген пікірде. Ал белгілі қаржыгер Расул Рысмамбетов «оған бірнеше себеп бар» дейді.

Баспана мəселесін шешу үшін елімізде бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қолға алынғаны белгілі. Дегенмен мəселенің түйіні одан да тереңірек жатса керек. Бұл туралы да қаржы сарапшысы өзінің пікірін айтты.

Жоғары жалақы – Атырауда

Экономистер Атыраудағы үй бағасының қымбаттауын орташа жалақы мөлшерімен жиі байланыстырады. Себебі облыс орташа жалақы көлемі бойынша ең алдыңғы орында – 350 800 теңгені құрайды. Сонымен қатар БЖЗҚ бойынша да мұнайлы өңір алдыңғы қатарда тұр. Бірақ елімізде баспана бағасының өсуі тек биыл болып жатқан жоқ. Бұл туралы осы салада зор тəжірибесі бар риэлторлық компанияның өкілі баяндады.

P.S.

Баспана бағасы осылайша бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Сарапшылардың пікірінше, ол әзірге арзандамайды. Оған қоса өзімізде бар шикізатты пайдаға асырмай, ішкі нарықты реттемей тұрып, құрылыс материалдарын шеттен қымбатқа алатынымыз да – өзекті мәселе. Егер жағдай қазіргідей жалғасатын болса, бағаны реттеу мүмкін болмайды. Біздің айтқымыз келгені де осы еді.

Алтынбек МЕРСАДЫҚ

Exit mobile version