Басты міндет – халық сенімін ақтау

Атырауда аймақ басшысының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының саяси кеңес бюросының отырысы өтті.

Оған аталған саяси кеңестің барлық тоғыз мүшесі қатысты. Алдымен, Бюро мүшелері 14 мамырда партияның облыстық филиалының XXXIII есептік-сайлау партиялық конференциясын өткізу туралы шешім қабылдады.

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиал төрағасының орынбасары Нұрлыбек Ожаев өз кезегінде облыс деңгейінде барлық деңгейдегі депутаттардың төрағалығымен 12 қоғамдық кеңес құрылғанын атап өтті. Оның құрамына партияның белсенді мүшелері, белсенділер, үкіметтік емес ұйым өкілдері кірді. Солардың 30 пайыздан астамын әйелдер, ал, 20 пайызын жастар құрайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Exit mobile version